Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде ұландар сыныбының "Соңғы қоңырау" салтанаты өткізілгені туралы ақпар
2016-2017 оқу жылының 20 мамыр күні мектебімізде 9Ә сыныбының, яғни ұлан сыныбының "Соңғы қоңырау" салтанаты өткізілді. Жиынға №53898, 31765 әскери бөлімдерінен, "Боевое братство", әскер ұйымдарының төрағалары мен «Әкелер кеңесі» мен «Аналар» мектебінің мүшелері, сонымен қатар, бірқатар БАҚ-өкілдері келді. Бағадарлама бойынша ұлан сыныптарының мектеп ауласында ұландар аллеясына көшет отырғызудан бастады. Келген қонақтар биылғы жылы ашылған мектеп мұражайына барып, "Ұландар-нағыз патриоттар" ұландар бұрышына өздерінің жәдігерлерін табыстады.
Негізгі шара барысында, негізгі мектепті аяқтағалы отырған ұландарды алғаш болып мектеп директоры А.Т.Токейбекова құттықтап, оларға ұлан сыныбын аяқтағанын растайтын сертификат табыстады. Тумен қоштасу рәсімін өткізіп, ұландар тиын шашып саптық шерумен салтанатты түрде өтті. Шара соңында, бітіруші ұландардың дефилесін тамашалап, ұлан сыныбының түлегі Зекен Біржанның аналарға арналған әні тартылды. Ұландар ортаға аналарын биге шақырып, ана мен бала ортасындағы сезімді көрсете білді.