Жарақаттанудың алдын алу
Балалардың жарақаттануы ауқымды әлеуметтік мәселелердің бірі,ерекше алаңдаушылық туғызатын бала жарақаты болып табылады. Осыған орай 2-мамыр күні 1-3 сыныптар арасында «Жарақаттанудың алдын-алу» іс-шарасы бойынша, мектеп инспекторы Қ.Т.Жандугуловтың жетекшілігімен балалар арасында дәріс өткізілді.Мектепте алынған бала жарақаты жалпы жарақаттану құрылымында кем дегенде 15-20% үлесін құрайды.Талдау нәтижесінде көп жағдайда оқушылардың жарақаттануы:
-дене шынықтыру сабақтарында тәртіп бұзушылық пен немқұрайлылық,
-жаттығу немесе спорттық алаңдарда ережені бұзушылықтардың нәтижесінде. Ең үлкен қауіп тудыратын биіктіктегі ойындар:шатырларда, ағаштар мен дуалдардың үстіне шығу,кез келген жазатайым оқиға әкелуі мүмкін. Осындай жазатайым оқиғаға тап болмау үшін,мектеп инспекторы Қ.Т.Жандугулов Жарақаттану дегеніміз не?, жарақаттанудың алдын алу және қорғану шаралары туралы оқушыларға көптеген мәліметтер берді. Оқушылар дәріс соңында көкей кесті сұрақтарымен бөлісті.