«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2017-02-15 08:23:48
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

2017 жылдың 13 ақпанда  Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 4 сыныптардың үздік оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға мектеп директоры А.Т. Төкейбекова және тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Қ. Жетпісбаева сондай –ақ «Жас Ұлан» ұйымының ұлан басшысы Жасымбекова Тілеужан мен мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мектебіміздің үздік оқушылары   қабылданған оқушыларға  ақ жол тілеп жылы лебіздерін білдіріп туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгі тағылды. Одан әрі «Жас Ұлан»ұйымының ұраны айтылып, әнұран шырқалды.