«Қалама арнаймын!»

Дата: 2017-02-07 12:05:04
«Қалама арнаймын!»

   2017 жылдың 6- ақпан күні мектебіміздің 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен,Балқашқа-80 жыл толуына орай,  «Қалама арнаймын!» тақырыбында көрме өткізілді. Оқушылар  туған қаласының ескерткіштері мен көлдерін, жыл мезгілдерін суреттеп қолөнерлерімен әшекейлеп жасаса, 3-сынып оқушылары  өз қаласы  мен өздері тұратын аулаларын жасауға тырысқан. Кейбір сыныптар қаланың мерейтойына арнап өз қолдарымен қала эблемасын жасап, тіпті кейбірі сыйлықтар жасаған.Оқушылардың көрмелерін  пән мұғалімдері мен оқушылардың өздері тамашалап, комиссия тағайындалып, көрме нәтижесі  мадақтамалармен марапатталды.