Размер шрифта:

«Темекі шегудің зияны»

Дата: 2017-01-28 07:56:49
«Темекі шегудің зияны»

2017 жылдың  қаңтардың 25-і   күні  әкелер  кеңесінің төрағасы Марат Қадырұлы Жұматаев    мектебіміздің жоғары сыныптардың ер балаларымен «Темекінің зияны» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді.

Мақсаты:оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің, насыбайдың  ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.

Барысы:

Марат Қадырұлы:

     Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. никотин дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне ерекше у бар.

Темекі  тарту  неғұрлым кен тараған зиянды  әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Шылым шегу оқушылардың сабақ үлгеруіне жағымсыз ықпал етеді. Үлгермейтіндердің саны, шылым шегетіндері көп сыныпта өседі. Оқушылардың шылым шегуі олардың денелік және психикалық дамуын бәсендетеді. Шылым шегумен бұзып алған денсаулықтың жағдайы, көңілден шығатын жұмыстың түрін таңдауға, жетістікке жетуге мүмкіндік бермейді.Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне білінеді.

Оқушыларға видео фильм көрсетілді. Темекінің және насыбайдың зияны. Жасалу жолдары

Маман кеңесі тыңдалды.

Оқушыларға  сұрақтар  қою  арқылы     қорытындыланды.

1.     Адам өмірін  қысқартатын  не?

2.     Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?

3.     Адамның өмірін  темекі  шегу  әдеті  қанша  уақытқа  қысқартады?

4.     Жасөспірім ағзасына  темекі  шегу  қалай  әсер  етеді?

5.     Темекі шегуші  адамның  қасында  болу  неліктен  зиянды?

Оқушылар өз пікірлерін білдірді.