Размер шрифта:

«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 2017-01-24 11:22:25
«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты  мәнерлеп оқу сайысы

   ЖББ №8 орта мектеп кітапханасы 2017 жылдың 23 қаңтарында  кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Бір аймақ - бір кітап» акциясы кезінде  2-4 сынып оқушыларының  қатысуымен Ы.Алтынсаринның шығармашылығына арналған «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  

Мақсаты:

·  Ы.Алтынсарин мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді жаңғырту және дәріптеу;

·  Жас ақындардың жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың отаншылдық сезімін ұштап, ой – өрісін кеңейту, дарындыларды анықтау;

· Оқушылар арасында отансүйгіштік кеңінен насихттап, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге баулу.