Облыстық жалпы ата-аналар жиналысы
Дата: 2017-01-21 12:45:31
2017 жылдың 21 қаңтары күні Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Аймағамбетовтың төрағалығымен онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы болды. Бұл жалпы ата-аналар жиналысына мектебімізден жалпы 95 ата-ана қатысты. Жиналыста қаралған әр мәселені ата-аналар мұқият тыңдады.
Жалпы ата-аналар жиналысының соңында бұл мәселелер талқыланды. Ата-аналар қаралған әр мәселеге бейқам қарамайтынын, бұл мәселе үнемі назарда ұсталу керектігін айтып өз пікірлерін білдірді. Облыстық онлайн режимінде өткен ата-аналар жиналысына ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.