«Құқықтық мәдениетті қалыптастыру»
01.11.16 ж күні сағ 10.30-да мектепішілік есепте тұрған оқушылармен мектеп психологы З.Н.Абдуалиева және әлеуметтік педагог В.С.Жамкеева «құқықтық мәдениетті қалыптастыру» атты тренинг жаттығуы және құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме жүргізді. Мақсаты: балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой - өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту болатын.Әлеуметтік педагог В.С.Жамкеева оқушыларға каникул уақытысында түнгі уақыттарды ата-анасының қадағалауынсыз бос жүрмеу, ойын залдарына бармау, бос уақыттарында мектепте белгіленген жоспар бойынша, кестеге сай іс-шараларға қатысып жүрулері туралы айтылды.Құқық дегеніміз-Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы және
Конвенция дегеніміз ол - бала құқығы туралы келісім шарт екендігі туралы толық ақпар беріліп, оқушылардың сұрақтары, пікірлері тыңдалды.Олар Оразғали Арман 7Б,Ерғазыұлы Ернар 9Б және Умирбеков Ержан. Мектеп психологы З.Н.Абдуалиева бос уақыттарын қалай өткізетіндігі туралы сауалнама алды. Отбасы қарым-қатынасын анықтау мақсатында отбасылық социометрия жүргізді.