«Сахна сыры» үйірмесінің жұмысы туралы ақпар
Күзгі каникулда «Сахна сыры» үйірмесі өз жұмысын жалғастырды. Қараша айының 2-сі күні мектебімізге кездесуге «Айгөлек» балабақшасының бөбектерімен және жетекшісі Айжан Жәкеновна шақырылды.
Мақсаты: Оқушыларды сахнада журналист ретінде ойларын жеткізе білуге үйрету. Тілшілердің сөз мәнерін, өзін-өзі ұстауы, қонақтармен тіл табысуы, сұрақтарды дұрыс қоя білуге, есте сақтау қабілетін дамыту.
Мектебіміздің 2-6 сынып оқушыларының жас тілшілері өз ролдерін сахналады. Оқушылар қызыға қатысты. Өздеріне керекті сұрақтарды қонақтарға қойып ,тиісті жауаптарын алды. Көрермен оқушылар да қызыға қатысты. Айжан Жәкеновна өз шығармашылығымен бөлісті. «Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды.
Мектебіміздің өнерпаз оқушысы Аукенова А. «Балапан» әнін тарту етті.