«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
2016 жылдың 1 тамыздан бастап жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізілуде. Бұл акцияның негізгі мақсаты –мектепке дейінгі топтарда бірінші сыныпқа баратын, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, көп балалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету.Осы акцияны ұйымдастыру мақсатында арнайы жоспар құрылып, стенд безендірілді. 1 сыныпқа келетін көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының ата-аналары көмек сұрап, өтініштерін жазды.
Оқушыларға демеушілік көрсеткендер:
1. Ата-ана Отарбаев Болат- 20 000 теңге көлемінде 1 оқушыға спорттық костюм мен ақ футболка, 5 оқушыға 3000 теңгеден оқу-құралдар;
2. Жеке кәсіпкер Абильдина Гаухар 20 000 теңге көлемінде 5 аяқ киім;
3. Ата-ана Нурпейсова Даниша 10 000 теңге көлемінде керекті оқу-құралдарын алып берді.