«Оқытудағы зерттеулер мен табысты өзгерістер» семинары
ЖББ №8 орта мектебінде 2016 жылдың 01 наурыз күні қаладағы магниттік мектептер арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Оқытудағы зерттеулер мен табысты өзгерістер» атты семинар өтті. Семинар мектептегі сертификатталған мұғалімдер жұмысына басшылық және бақылау жасайтын директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Марал Мукажановна Закарина мен мектеп координаторы Дәркен Кәменқызы Қанаттың алғы сөзімен басталды. Үшінші деңгейлі сертификатталған тәлім алушы Еркен А.Т. семинарға қатысушылармен «Сәлем,мен кіммін?» тақырыбында танысу тренингін өткізді.
Семинарда ашық сабақтар төмендегі пәндер бойынша өтті:
1. Геометрия «Шеңбер және оның элементтері. Хорда, диаметр, радиус, доға» 7А сыныбы, пән мұғалімі Мырзахметова А.Д.
2. Орыс тілі, космическое путешествие по Галактике «Имя существительное» 5Б сыныбы, пән мұғалімі Жұмаш М.М.
3. Ағылшын тілі «The green world» (жасыл әлем) 5А сыныбы, пән мұғалімі Оспанова А.С.
Семинардың екінші бөлімінде «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары», «Мұғалім көшбасшылығын дамыту» тақырыптарында коучингтар, «Модульдерді сабақтарға ықпалдастыру тәсілдері» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Жауаптылар: Қанат Д.К., Мухаметжан Г.С., Жетписбаева Ж.К. Семинардың соңында рефлексия кері байланыс арқылы қатысушылар екі жұлдыз бір тілекпен өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.