Тәуелсіздіктің -25 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастыру туралы ақпар

Дата: 2016-01-26 05:28:52
Тәуелсіздіктің -25 жылдығына  арналған кітап көрмесін ұйымдастыру туралы ақпар

   Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мектепішілік  жасалынып  бекітілген  жоспарға сай, кітапхана меңгерушісі  Исабаева Р.А  мектебіміздің  І–ші қабатында  кітап көрмесін  ұйымдастырды.Көрме «Ел Тәуелсіздігінің-25 жылдығы»деп  аталды. Көрме оқырмандар­ды егемен еліміз тарихымен кеңінен таныстыру, жастардың бойында отансүй­гіштік қасиетті арттыру мақсатын көздеді. Көрме ғасырлар тоғы­сындағы Қазақстанның даму кезең­дері туралы сыр шертіледі. Онда Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» атты кітаптарымен қатар ҚР Конституциясы, «Жеті жарғы», «Тарихи тұлғалар», «Қазақстан мемле­кеттілігінің кезеңі» атты бірқатар кітаптар орын алған. «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз демокра­тиялық және құқықтық мем­лекет» деген атаумен тәуелсіз еліміздің даму жолдары мен алдағы мақсат-міндеттерін баян­дайтын әдебиеттерге жол ашқан.