5Ә сыныбы кадет сыныптарының ант қабылдау рәсімі

Дата: 2015-12-14 08:43:36
5Ә сыныбы кадет сыныптарының ант қабылдау рәсімі

   Желтоқсан айының 12-сі күні 5Ә сыныбының  ант қабылдау рәсімі өткізілді.Ант қабылдау мерекесіне қалалық білім бөлімінің басшысы, Нұр Отан  ұйымының  өкілі, Балқаш қалалық  әскери бөлімдерінің  қызметкерлері және «Боевое братство» ұйымының  өкілі мектеп директорлары  қатыстырылды. Өзара меморандумға  қол қойған Қарағанды қаласының №5 орта мектебінің директоры Т.В.Балғабекова  жас кадеттерге жылы лебізін білдірді. Әскери бөлім қызметкерлері жас кадеттерден ант қабылдау  рәсімін  өткізген соң мектеп директоры А.Т.Төкейбекова  жас кадеттерді ант қабылдау мерекесімен құттықтады. Кадеттердің ант қабылдау мерекесінің   соңы концерттік номерге жалғасты. 6 сынып кадеттері дефиле көрсетсе, 7 сынып кадеттері  кадеттер биін  нақышына  келтіре  орындап шықты. 9Ә сыныбының кадеттері  мәңгілік би вальс орындады. Концерт соңында  К.А.Құдайбергеновтің жетекшілігімен  ұлдар хоры және поппури  орындалды.