"Менің арманымдағы үй"
11 сынып оқушысы Ерболат Ерболдың жобасы
"Менің арманымдағы үй"
Менің жобамның тақырыбы «Менің арманымдағы үй» деп аталады.
Бұл - жаңа заманауи бағытта жасалған сегіз бөлмелі уйлердің бірі. Қазіргі заман талабына сай жаңа үлгілер мен жаңа құралдарды пайдалану барысында салынған.
Сіздер менің үйімнен жаңа көріністерді де көре аласыздар. Қарапайым қызыл кірпіштерден жасалған. Екі қабатты, қазіргі заманауи үлгідегі жабдықтармен жабдықталған. Ауласында жеміске толы бақша ағаштары, көгал алаңдары, жүгіру жолы және үйді қоршаған үлкен қоршаулар орнатылған. Үлкен балкон, демалуға арналған бассейн, джакузи, және спортпен айналысуға қолайлы жерлер бар. Махаббаттың символы екі аққудың ортасында субұрқақ тұрғаны да көздің жауын алады. Айналасында үлкен жарық түсіріп тұратын фонарлар орнатылған.
Біздің үйіміздің кіре берісінде үлкен баспалдақ орнатылған. Әрбір бөлменің өзіндік дизайны бар. Басқа да бөлмелерден ерекше бөлме – үлкен қонақ бөлмесі. Қосымша жеке ойын бөлмесі де бар. Оның ішінде бильярд, компьютер ойнауға және үлкен 3Д форматында көрінетін кинолары мен мултьсериялдар көруге де болады.
Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
Біздің үйіміз барлық электрондық жабдықтармен жабдықталған. Барлығы электроника арқылы басқарылады. Басты ерекшелігі – күннен жылу алып, жарық беруінде. Қарапайым шатырдың үстіне шыныны қойдым. Себебі шыны күннен жылу алып, үйдің ішін бірқалыпты температурада ұстап тұрады.
Кіре берістегі қақпа пульт арқылы басқарылады. Ал далада орнатылған фонарлар да күннен энергия алатын шынымен жасалған. Оның ерекшелігі - оның автоматты жүйеге енуінде. Күндізгі уақытта күннен энергия алып, кеш қарайған кезде өзі автоматты түрде жарығын шашады. Таңертең күн шыға келе автоматты түрде өшеді.
Үйімнің шатырына келетін болсақ, біздің Қазақстанның ауа – райына өте қолайлы. Себебі қар мен жаңбырдың суы үй үстінде қалып қоймайды. Және шатырдың жиегіндегі қоршауларға назар аударатын болсақ, оның өзінің де ерекшелігі бар. Жауған жаңбырдың суы сол қоршауларға жиналу барысында өз үйімізге шатыр арқылы кіргізіп, өз қажетімізге жарата аламыз.