«ЭКСПО - 2017» жобасы - елбасы Н.А.Назарбаевтың ірі жобасы.
Дата: 2015-12-09 14:15:30
Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да Халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Осыдан тура екі жыл бұрын бұл құрметке тарихта алғаш рет Тәуелсіз Қазақстан ие болды. Бұл – Тұңғыш Президентіміз, әлемдік дәрежедегі сара саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық дәрежедегі үлкен беделінің арқасы екендігі даусыз. Егемен еліміз үшін ғасыр сыны іспетті осы бір жаһандық шараны өткізу бастамасы Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен іс жүзіне асырылуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру және өткізудің Ұлттық жоспары жасалынды.