«Сен жалғыз емессің!» Мектеп оқушылары арасында өзара қолдау, достық қарым-қатынас пен бірлікті нығайту мақсатында психологиялық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар топтық жаттығуларға қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ т

Дата: 2026-11-23 10:08:01
«Сен жалғыз емессің!»
Мектеп оқушылары арасында өзара қолдау, достық қарым-қатынас пен бірлікті нығайту мақсатында психологиялық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар топтық жаттығуларға қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар өзара түсіністік, сыйластық, сенім және бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтеу құндылықтарына назар аударылды.
Мұндай жұмыстар әр оқушының өзін мектеп ортасының маңызды мүшесі ретінде сезінуіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.