Әскер қатарына шақырылушы бозбалаларды шығарып салу салтанаты

Дата: 2015-11-24 11:00:14
Әскер қатарына  шақырылушы бозбалаларды  шығарып салу салтанаты

   2015- жылдың  қараша айының 19-ы күні қаламызда қала әкімінің қатысуымен  әскер қатарына шақырылған  бозбалаларды  шығарып салу салтанаты  өткізілді. Аталған шараға  барлық қала мектептерінің 10-сынып оқушылары мен АӘД жетекшілері және  «Боевое братство» ұйымының жетекшісі Бауыржан Мұхамедиев қатысты.  Сонымен бірге Балқаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы майор Б.А.Алишев сөз сөйлеп  ақ жол тіледі.  
  ЖББ №8 орта мектебінің 8-9 кадет сыныптарының  оқушылары  Т.Еримбетовтің  жетекшілігімен дефиле көрсетті. Ауған соғысының ардагерлері  жас Отан қорғаушыларға  ақ жол тілеп, салтанатты түрде бастарына берет кигізу рәсімін жасады.