«Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» айлығы аясында мектебіміздің дебат клубы мүшелерінің қатысуымен «ЖИ көмегімен жазылған эсселер мен шығармалар авторлық құқықты бұзады және оқушыларды жалқаулыққа тәрбиелейді» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастыр
Дата: 2026-11-17 07:50:32
«Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» айлығы аясында мектебіміздің дебат клубы мүшелерінің қатысуымен «ЖИ көмегімен жазылған эсселер мен шығармалар авторлық құқықты бұзады және оқушыларды жалқаулыққа тәрбиелейді» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жасанды интеллект туралы түсініктерін кеңейту, ақпараттық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту және заманауи технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалануға баулу.
Пікірсайыс барысында дебат клубының мүшелері екі тарапқа бөлініп, өз ұстанымдарын қорғады. Жақтаушы тарап жасанды интеллект көмегімен дайындалған эсселер мен шығармалардың авторлық құқыққа қатысты мәселелерін көтеріп, оқушылардың өздігінен ізденуіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.
Ал даттаушы тарап жасанды интеллектіні білім алуға көмектесетін тиімді құрал ретінде қарастырып, оны дұрыс пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, жаңа идеялар қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға болатынын дәлелдеді.
Іс-шара соңында оқушылар жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен қауіптерін саралай отырып, технологияны саналы қолдану, авторлық құқықты құрметтеу және өз бетінше ойлау мен ізденудің маңыздылығы туралы ой түйді.