13.11.2026 жылы мектеп кітапханашылары Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау және ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын таныту мақсатында «Ясауи оқулары» атты бір мезетте кітап оқу іс-шарасы ұйымдастыр

Дата: 2026-11-16 11:10:04
13.11.2026 жылы мектеп кітапханашылары Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау және ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын таныту мақсатында «Ясауи оқулары» атты бір мезетте кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, оның адамгершілік, имандылық, ізгілік пен рухани тазалық туралы ойларымен танысты. Сонымен қатар «Диуани хикмет» еңбегінен үзінділер оқып, шығарманың тәрбиелік мәніне назар аударды.
Бір мезетте өткен кітап оқу шарасы қатысушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар ұлы ойшылдың даналыққа толы мұрасынан тағылым алып, рухани білімдерін толықтырды.