«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебіміздің кітапханашысы З.Шайбекова мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына адамгер
Дата: 2026-11-16 11:04:54
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебіміздің кітапханашысы З.Шайбекова мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, имандылық, білімге құштарлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында «Абайдың қара сөздері – рухани қазына» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ақынның қара сөздерінің тәрбиелік мәні мен философиялық маңызын талқылады. Әсіресе, Абайдың адам болмысы, ғылым-білім, еңбек, мінез-құлық, ар-ұят және адамгершілік туралы терең ойлары кеңінен сөз болды.
Конференция барысында оқырмандар ақынның қара сөздерінен үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісті. Абайдың он жетінші, он тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және жетінші қара сөздеріндегі тағылымды ойлар талданып, бүгінгі қоғам үшін де өзектілігі атап өтілді.
Іс-шараға оқушылар өте қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Олар Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, ондағы терең мағыналы ойлар мен тағылымды өсиеттерге өз көзқарастарын білдірді. Талқылау барысында оқушылар өзара пікір алмасып, ақынның даналық сөздерінің бүгінгі өмірмен байланысын ашуға тырысты. Конференция соңында оқушылар Абай мұрасынан алар тағылым мол екенін айтып, ұлы ақынның шығармаларын тереңірек оқып, зерделеуге ниет білдірді.