«Заң мен тәртіп»қағидаты аясында «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарымен «Жас сарбаз»-ел қорғаны, «Жас сақшы»-тәртіп сақшысы»тақырыбында жиналыс өткізілді Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ішіндегі тәртіпті нығайту, құқық бұзуш
Дата: 2026-11-10 09:16:20
«Заң мен тәртіп»қағидаты аясында «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарымен «Жас сарбаз»-ел қорғаны, «Жас сақшы»-тәртіп сақшысы»тақырыбында жиналыс өткізілді
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ішіндегі тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және әскери-патриоттық тәрбиені дамыту.Жиналыс барысында мектеп инспекторы Анар Қожанова Қасымжанова- «Жас сарбаз» бен «Жас сақшы» сыныптарының мектеп өміріндегі рөлі мен жауапкершілігіне және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау және кешкі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеу ережелері түсіндірілді
ДТІЖО Мырзабаева Г.М-Тәртіп пен жауапкершілік: «Жас сарбаз» бен «Жас сақшы» мүшелерінің мектеп формасы, сырт келбеті және өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы және буллинг және кибербуллингтің алдын алу: Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, мектептегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері талқыланды.Жиналыс барысында оқушылар тарапынан мектеп инспекторына заңнамалық ережелер мен құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.