Мектебімізде оқушылар арасында «Smart Reader» Quizz Show интеллектуалды ойыны өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, оқыған шығармаларын терең түсініп, талдай білу қаб

Дата: 2026-11-09 08:48:49
Мектебімізде оқушылар арасында «Smart Reader» Quizz Show интеллектуалды ойыны өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, оқыған шығармаларын терең түсініп, талдай білу қабілеттерін дамыту және білімдерін шыңдау.
Ойын барысында қатысушылар өздері оқыған әдеби шығармалар бойынша қойылған қызықты әрі мазмұнды сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Оқушылар белсенділік танытып, өзара тартысты бәсекеге түсті. Әр кезең сайын ойынның қызуы артып, қатысушылар өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.
«Кітаппен сусында, ЖИ-мен шыңдал, болашаққа біліммен қадам бас!» ұранымен өткен танымдық сайыс оқушыларға ерекше әсер сыйлап, кітап оқудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады