Размер шрифта:
↑

Мектебімізде 3 «А», 3 «Б», 3 «Ә», 3 «В» сынып оқушылары арасында «Көңілді қоңырау» аясында «Бақытты үзіліс» және «Қозғалыс – денсаулық кепілі» тақырыптарында қызықты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдасты

Дата: 2026-11-09 08:48:17
Мектебімізде 3 «А», 3 «Б», 3 «Ә», 3 «В» сынып оқушылары арасында «Көңілді қоңырау» аясында «Бақытты үзіліс» және «Қозғалыс – денсаулық кепілі» тақырыптарында қызықты іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың көңіл күйін көтеру.
Үзіліс барысында оқушылар түрлі қызықты ойындарға, сергіту жаттығуларына және қимылды ойындарға белсене қатысты. Балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Әрбір көңілді сәт оқушыларға ерекше қуаныш сыйлап, үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.