22.10.2026 жылы кітапханашылар «Кітап оқитын ұлт » марафоны аясында оқушыларды ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамытып, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру

Дата: 2026-11-09 08:44:43
22.10.2026 жылы кітапханашылар «Кітап оқитын ұлт » марафоны аясында оқушыларды ертегі оқу арқылы сөздік қорларын дамытып, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» атты квест ойын ұйымдастырды.
Осы іс-шараға 4-сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар «Сиқыршылар», «Ғажайып ел» және «Алтын кітап» болып 3 топқа бөлінді. Ойын барысында әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды шеше отырып, оқушылар жұмбақтарда жасырылған кейіпкерлерді тауып,ертегі кейіпкерінің суретін салды.
Оқушылар осы іс-шараға қызығушылықпен қатысты.