Тақырыбы: «Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» 2026 жылғы 6 қараша күні сағат 18:00-де Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты –
Дата: 2026-11-09 08:43:08
Тақырыбы: «Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі»
2026 жылғы 6 қараша күні сағат 18:00-де Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс офлайн форматта М. Жұмабаев атындағы гимназияда (Қарағанды қаласы) және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дархан Жиенбаев кіріспе сөз сөйлеп, балалардың қауіпсіздігі – қоғам алдындағы маңызды міндет екенін атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес төмендегідей өзекті мәселелер қарастырылды:
«Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері;
«Балалардың қауіпсіздігі: ата-ана қамқорлығынан ортақ жауапкершілікке дейін» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
«Отбасы – өзара түсіністік пен қолдау кеңістігі» тақырыбында отбасындағы психологиялық ахуал мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі;
«Саналы қоғам – сапалы мемлекет» тақырыбында саналы ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиналыстың соңында сұрақ-жауап форматында ашық диалог ұйымдастырылып, ата-аналардың көкейінде жүрген өзекті сауалдарына жауаптар берілді. Балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты ұсыныстар ортаға салынды.
Қорытындылай келе, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – тек мектептің немесе ата-ананың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді. Балаға қауіпсіз орта қалыптастыру үшін отбасы, мектеп және қоғам арасындағы бірлескен жұмыс пен өзара жауапкершілікті арттыру қажеттігі айтылды.
Жиналыс «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен сабақтастырыла отырып, бала қауіпсіздігі мен саналы тәрбие мәселелеріне ерекше назар аударды.