Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру, кәсіптік білім беру ұйымдарымен таныстыру мақсатында «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия

Дата: 2026-11-03 11:08:09
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру, кәсіптік білім беру ұйымдарымен таныстыру мақсатында «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне» экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, зертханаларымен және мамандықтар бойынша даярлау бағыттарымен танысты.
Колледж мамандары білім беру бағдарламалары, оқу жағдайлары, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды.