2026-2027 оқу жылының жоспарына сәйкес Республикалық «Медицинаға бір қадам» жоба аясында,медициналық сынып оқушыларының кәсіби білімін жетілдіру, медицина саласына деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында ШЖҚ

Дата: 2026-11-03 11:07:52
2026-2027 оқу жылының жоспарына сәйкес Республикалық «Медицинаға бір қадам» жоба аясында,медициналық сынып оқушыларының кәсіби білімін жетілдіру, медицина саласына деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында ШЖҚ «Балқаш қаласының жоғары медициналық колледжі» арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика магистрі Мылтықбаева Аягөз Төребекқызының қатысуымен анатомия пәнінен танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар адам анатомиясы, адам ағзасының құрылысы мен қызметі туралы жан-жақты мәлімет алды. Оқытушы адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың атқаратын қызметтеріне тоқталды. Сонымен қатар анатомия ғылымының медицина саласындағы маңыздылығы мен болашақ медицина мамандары үшін қажеттілігі кеңінен таныстырылды.
Сабақ барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушымен пікір алмасты. Теориялық білімдерін толықтырып, медицина мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Мұндай танымдық сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби таңдауына оң ықпал етеді. Медициналық сынып оқушылары болашақта медицина саласында білім алып, білікті маман болуға алғашқы қадамдарын жасады
По