5–7 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізді түсінейік» тақырыбында психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: оқушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, бір-бірінің пікірін тыңдауға, түсініст
Дата: 2026-11-02 08:52:46
5–7 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізді түсінейік» тақырыбында психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: оқушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, бір-бірінің пікірін тыңдауға, түсіністік танытуға және топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмаларға қатысып, өзара ынтымақтастық пен жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы нығайып, өзара сыйластық, сенім және ұйымшылдық дағдыларын дамытуға ықпал жасалды.