«Металлургия сыныбы» оқушылары болашақ мамандыққа алғашқы қадамдарын «Қазақмыс» политехникалық колледжінде ұйымдастырылған таныстыру сабақтарынан бастады. Оқушылар үшін арнайы сабақ кестесі құрылып, олар математика, физика және информатика пәндері бойынша
Дата: 2026-10-19 08:26:08
«Металлургия сыныбы» оқушылары болашақ мамандыққа алғашқы қадамдарын «Қазақмыс» политехникалық колледжінде ұйымдастырылған таныстыру сабақтарынан бастады. Оқушылар үшін арнайы сабақ кестесі құрылып, олар математика, физика және информатика пәндері бойынша сабақтарға жоспарлы түрде барып, белсенді қатысуда. Бұл сабақтар оқушылардың бейіндік пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге, металлургия саласына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағытталған