Мектебімізде 5–9 сынып оқушылары арасында «Жылы сөз – жанға қуат» тақырыбында психологиялық тренинг жаттығуы өткізілді. Тренинг жаттығудың мақсаты-оқушылардың көңіл-күйін көтеру, өзара сенімділікті арттыру және жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Дата: 2026-09-08 17:58:14
Мектебімізде 5–9 сынып оқушылары арасында «Жылы сөз – жанға қуат» тақырыбында психологиялық тренинг жаттығуы өткізілді. Тренинг жаттығудың мақсаты-оқушылардың көңіл-күйін көтеру, өзара сенімділікті арттыру және жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Оқушылар «Жылы лебіз», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Комплимент» сияқты жаттығуларға белсенді қатысып, бір-біріне жылы сөздер мен жақсы тілектер айтты. Жылы сөздің адамның көңіл-күйіне, өзіне деген сеніміне және қоршаған ортамен қарым-қатынасына оң әсер ететіні түсіндірілді.
Тренинг соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде бір-біріне қолдау көрсету, ренжітетін сөздерден аулақ болу және жақсы сөз айту маңызды екенін атап өтті. Іс-шара оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйде болуына және сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастыруға бағытталды