04.09.2026 жылы мектеп кітапханашысы 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылар бойына мемлекеттік тілімізді сүюге,әрқашанда мәртебесін биік ұстап мақтан тұта білу және мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына өз үлестерін қоса білетін саналы ұр

Дата: 2026-09-07 10:17:20
04.09.2026 жылы мектеп кітапханашысы 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылар бойына мемлекеттік тілімізді сүюге,әрқашанда мәртебесін биік ұстап мақтан тұта білу және мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына өз үлестерін қоса білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Тіл-татулық тірегі » атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітапханашы З.Шайбекова оқушыларға кітап көрмесіндегі танымдық ақпарттарға шолу жасап, тіл мерекесі туралы мәліметтермен таныстырып өтті. Сонымен қатар Тіл мерекесі «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай яғни, 5-қыркүейекке бекітілгені жөнінде ақпарат бере отырып,Ұлт ұстазының өмір жолдары мен шығармалырына шолу жасап өтті.
Осы іс-шара аясында оқушылар тіл туралы қызықты деректер айтып, өз ойларымен бөлісті.