«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Дата: 2026-08-12 16:15:54
Мектебімізде өтіп жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ата-аналар тарапынан демеушілік көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, мектебіміздің 3 «Б» сынып оқушысының ата-анасы Батырбеков Саят акцияға өз үлесін қосып, демеушілік көмек көрсетті.
Көрсетілген қаржылай көмек әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2 ата-анаға бөліп берілді.
Демеушілік көмек көрсетіп, акцияға белсенді қатысқаны үшін Батырбеков Саятқа шын жүректен алғыс білдіреміз!