Размер шрифта:

9 сынып оқушылары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжіне Ашық есік күніне барды. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – оқушыларды техникалық мамандықтармен таныстыру, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесу және өндірістік білім бер

Дата: 2026-05-08 11:05:55
9 сынып оқушылары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжіне Ашық есік күніне барды. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – оқушыларды техникалық мамандықтармен таныстыру, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесу және өндірістік білім беру жүйесі туралы түсінік қалыптастыру болды.
Олар дәнекерлеу, токарлық және слесарлық жұмыстар жүргізілетін шеберханалармен танысып, заманауи құрал-жабдықтардың қалай қолданылатынын көрді. Сонымен қатар, арнайы пәндер бойынша зертханаларда өткізілетін тәжірибелік сабақтар туралы ақпарат алды.
Колледж қызметкерлері оқушыларға оқу үдерісі, қабылдау шарттары және оқытылатын мамандықтар жайлы толық мәлімет берді. Әсіресе дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары, яғни теория мен тәжірибенің қатар жүргізілуі, өндірістік практикадан өту мүмкіндігі туралы кеңінен түсіндірілді.