Ел тірегі - сарбаздар» атты патриоттық сағат Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 5 мамыр күні «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «КММ №4 кітапхана - филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай « Ел тір
Дата: 2026-05-08 11:05:19
Ел тірегі - сарбаздар» атты патриоттық сағат
Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 5 мамыр күні «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «КММ №4 кітапхана - филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай « Ел тірегі - сарбаздар» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды. Бұл күн – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор мереке.
Іс - шара қонақтары қаламыздағы 44803-Б әскери бөлімі, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.С.Нурмаков және «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебінің 8 ә Жас сарбаздары қатысты.
Қазақстанның әрбір азаматы үшін ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіп – ең басты құндылықтардың бірі. Әрбір ер азаматтың қасиетті борышы – туған жерін, елін, отбасын қорғау. Жас сарбаз Әли Ұласқан автоматты ( АК 24) бөлшектеп шашып жинаса, Төлеген С. плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын киіп көрсетті