22 сәуір күні мектеп психологы 9- сынып оқушыларымен мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «Емтиханға сенімді қадам» тақырыбында тренинг жаттығуын жүргізді. Мақсаты:Оқушылардың емтихан алдындағы алаңдаушылығын төмендету, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, жа
Дата: 2026-04-27 09:41:41
22 сәуір күні мектеп психологы 9- сынып оқушыларымен мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «Емтиханға сенімді қадам» тақырыбында тренинг жаттығуын жүргізді.
Мақсаты:Оқушылардың емтихан алдындағы алаңдаушылығын төмендету, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, жағымды ой қалыптастыру және психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.
Тренинг жаттығуы барысында оқушылармен түрлі психологиялық жаттығулар жүргізілді. Олар өз сезімдерімен бөлісіп, емтиханға байланысты қорқыныштары мен уайымдарын ашық айтты. Арнайы тыныс алу, релаксациялық жаттығулар арқылы оқушылар өздерін сабырлы ұстауға дағдыланды. Сонымен қатар, «Менің жетістігім», «Сенімділік шеңбері» сияқты жаттығулар арқылы оқушылардың өз күшіне деген сенімі нығайтылды.
Тренинг жаттығуы соңында оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, бір-біріне қолдау көрсету дағдылары қалыптасты. Көптеген оқушылар өздерін еркін әрі сенімді сезінетінін айтты. Жалпы, психологиялық жаттығу оқушылардың емтиханға деген оң көзқарасын қалыптастырып, психологиялық тұрғыдан дайындық деңгейін арттырды.