Размер шрифта:

Бүгін мектеп психологы Абдуалиева З.Н. мұғалімдерге арналған қызықты әрі сергітетін психологиялық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында арнайы алфавиттік тапсырма қолданылды. Әрбір әріпке сәйкес мұғалімдер белгілі бір қимыл жасап отырды: кей әріптерде оң қол

Дата: 2026-04-20 09:17:01
Бүгін мектеп психологы Абдуалиева З.Н. мұғалімдерге арналған қызықты әрі сергітетін психологиялық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында арнайы алфавиттік тапсырма қолданылды. Әрбір әріпке сәйкес мұғалімдер белгілі бір қимыл жасап отырды: кей әріптерде оң қолын, кейбірінде сол қолын, ал кейбірінде екі қолын бірдей көтеріп, белсенді қатысу көрсетті.
Бұл жаттығу жай ғана алфавит қайталау емес, зейін, шапшаңдық және қимыл үйлесімділігін дамытатын тиімді психологиялық тренинг болды. Мұғалімдер тапсырманы орындау кезінде бір-бірімен өзара әрекеттесіп, күліп, жағымды эмоцияға бөленді.
Нәтижесінде қатысушылар сергіп, көңіл-күйлері көтеріліп, жұмысқа деген ынталары артты. Мұндай жаттығулар ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартып, жағымды орта қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.