Размер шрифта:

Мектебімізде Балқаш Жоғары медициналық колледжі мамандарының қатысуымен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға оқу орнының мамандықтары, қабылдау талаптары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақт

Дата: 2026-04-15 09:31:37
Мектебімізде Балқаш Жоғары медициналық колледжі мамандарының қатысуымен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға оқу орнының мамандықтары, қабылдау талаптары және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар, медицина саласының маңыздылығы түсіндіріліп, бұл мамандықтың жауапкершілігі мен артықшылықтары айтылды. Кездесу кезінде мамандар алғашқы көмек көрсету жолдарын тәжірибелік түрде көрсетіп, оқушыларға шұғыл жағдайда дұрыс әрекет ету тәсілдерін түсіндірді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал етті.