13.04.26 жылы мектеп кітапханашылары 23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шара аясында, оқушыларды көркем әдебиетке баулу,балалар журналдарымен таныстыру және оқушылардың шығармашыылық қабілеттерін дамыту мақсатында жоспарға сәйк
Дата: 2026-04-15 09:27:48
13.04.26 жылы мектеп кітапханашылары 23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шара аясында, оқушыларды көркем әдебиетке баулу,балалар журналдарымен таныстыру және оқушылардың шығармашыылық қабілеттерін дамыту мақсатында жоспарға сәйкес «Менің сүйікті журналдарым» атты танымдық сағат ұйымдастырды.
Кітапханашы З.Шайбекова оқушыларға кітапханадағы «Балдырған», «Айгөлек», «Ертегілер елінде», «Мөлдір бұлақ» сияқты көптеген журналдардың тарихынан мәліметтер беріп,балалар жазушыларымен таныстырып өтті.