Мектебімізде Қазтұтынуодағындағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі өкілдерінің қатысуымен 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағыттары, мама
Дата: 2026-04-09 08:26:53
Мектебімізде Қазтұтынуодағындағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі өкілдерінің қатысуымен 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағыттары, мамандық түрлері және оқуға қабылдау талаптары туралы кеңінен мәлімет берді. Оқушыларға экономика, бизнес және құқық салалары бойынша білім алудың артықшылықтары түсіндіріліп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсетілді.