М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті өкілдері мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жоғары оқу орны туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Дата: 2026-04-03 09:45:50
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті өкілдері мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жоғары оқу орны туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Университеттің білім беру бағдарламалары, факультеттері, мамандық түрлері және оқу мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, талапкерлерге грантқа түсу жолдары, ҰБТ нәтижесінің маңыздылығы және құжат тапсыру кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Университеттің халықаралық байланыстары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары да айтылып, студенттердің шетелде білім алу мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шараның соңында оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерт барысында әсем әндер шырқалып, түрлі би қойылымдары ұсынылды. Бұл шығармашылық бөлім кездесуді әсерлі түрде аяқтап, оқушылардың қызығушылығын арттырды.