Қамқоршылар күні

Дата: 2015-10-29 10:05:37
Қамқоршылар күні

   2015  жылдың 28  қазан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қамқоршылар күніне арналған  «Аялы алақан!» атты қамқоршылық кеші өткізілді. Ата-анасынсыз қалған балалардың қамқоршылары біздің мектепте қонақта болды. Мектеп директоры А.Т.Төкейбекова қамқоршыларды құттықтап, мектеп тарапынан сыйлықтар берілді. Әкелер кеңесінің мүшесі Разахов Даулет сөз  сөйлеп, қамқоршыларды құттықтады. Психолог Абдуалиева З.   ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында  тренинг жүргізді. Келген қамқоршылар мен оқушылар  жаттығу жұмысын қызыға отырып орындай бастады. Оқушылар мен ата-аналар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өздеріне  берілген сұрақтарға жауап берді. Ата-ана мен бала қаншалықты бір-бірін біле алатындықтарын білді. Кешке  әкелер кеңесінің мүшелері де қатысты. Қамқорлықтағы оқушылар өз қамқоршыларына арнап тақпақтар айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сыйлықтарын табыстады.  Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. Қамқоршылар риза болып, алғыстарын білдірді.