2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде Әбіш Кекілбаевтың шығармалары негізінде сахналанған қойылым бағыты бойынша оқушыл

Дата: 2026-02-09 11:18:43
2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде Әбіш Кекілбаевтың шығармалары негізінде сахналанған қойылым бағыты бойынша оқушылар жазушының «Күй» повесін сахналады.
Байқауға қатысқан оқушылар: Серікбайұлы А., Айдосұлы Р., Тұйғынбек К., Мұхаметжан Р., Мұқан Ә.
Жетекшілері: қазақ тілі мұғалімдері Айтқұлова Г.С., Жұмабаева М.К.
Қойылымның көркемдік деңгейі мен мазмұн тереңдігі жоғары бағаланып, нәтижесінде мектебіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды.
Мектебіміздің оқушылары мен жетекші ұстаздарды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!