12.12.2025 ж мектеп кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында кітап оқуды насихаттау кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиеле
Дата: 2025-12-19 15:21:12
12.12.2025 ж мектеп кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында
кітап оқуды насихаттау кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,
оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында «Кітап-білім бұлағы» атты әдеби жекпе-жек сайысы ұйымдастырылды.
Осы іс-шара барысында оқушылар 3 топқа бөлініп, оқуға ұсынылған Қ.Әбдіқаровтың «Қажымұқан», Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» шығармасы және С.Мұратбековтың «Жусан исі» шығармалары желісі бойынша сайысты. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар шығармалар желісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, кітап туралы ребустар шешті. «Кейіпкерді сомда»айналымда шағын көрініс көрсетіп, өзара сайысқа түсті.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1 орынды7В сынып оқушылары «Бірлік» тобы, 2-орынды 7Б сынып оұушылары «Айбын» тобы жеңіп алса, 3 орынмен 7А сынып оқушылары «Қыран» тобы марапатталды.