2025 жылдың 06-желтоқсаны күні «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен пәндік білімін шыңдау және дарынды оқушыларды анықтау еді. «Зерделі ұрпақ» пәндік олимпиадасына мектебімізді

Дата: 2025-12-17 09:34:00
2025 жылдың 06-желтоқсаны күні «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен пәндік білімін шыңдау және дарынды оқушыларды анықтау еді. «Зерделі ұрпақ» пәндік олимпиадасына мектебіміздің 4-сыныптарынан 10 оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, мектеп намысын қорғады. Оқушылар жарыс барысында логикалық ойлау, математикалық есептерді шығару, оқу сауаттылығы мен пәндік білім бойынша жақсы дайындықтарын танытып, белсенділік көрсетті.
Бұл сайыс жас білімпаздардың өзара тәжірибе алмасуына, танымдық деңгейін арттыруға және дарындыларды анықтауға мүмкіндік берді.