01.12.2025 ж мектеп кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында кітап оқуды насихаттау кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, к
Дата: 2025-12-08 08:51:46
01.12.2025 ж мектеп кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында
кітап оқуды насихаттау кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,
оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында «Кітап-білім бұлағы» атты әдеби жекпе-жек сайысы ұйымдастырылды.
Осы іс-шара барысында оқушылар 3 топқа бөлініп, оқуға ұсынылған Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы және М.Әуезовтың «Көксерек» шығармалары желісі бойынша сайысты. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар «Әдеби жекпе-жек», «Сәйкестендір» «Кейіпкерді сомда» сияқты әр айналымдағы тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап бере отырып, өзара сайысқа түсті.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1 орынды «Ойшылдар» тобы, 2-орынды «Білімділер» тобы жеңіп алса, 3 орынмен «Алғырлар» тобы марапатталды.