Размер шрифта:

Мектебімізде 2-желтоқсан күні педагог-психолог З.Н.Абдуалиева оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, топтағы өзара түсіністікті арттыру және қауіпсіз эмоциялық орта құру, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақс

Дата: 2025-12-04 11:32:40

Мектебімізде 2-желтоқсан күні педагог-психолог З.Н.Абдуалиева оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, топтағы өзара түсіністікті арттыру және қауіпсіз эмоциялық орта құру, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында коммуникациялық жаттығулар жүргізді. Коммуникациялық жаттығу нәтижесінде оқушылар бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңызын түсінді. Жаттығу барысында бір-бірін тыңдау дағдысын күшейтті, топ ішінде сенім мен ашықтық деңгейі артып, бірлесе жұмыс жасаудың тиімді жолдарын көрді, ынтымақтастық атмосферасы нығайды.