Размер шрифта:

Мектебімізде 16 қазан күні оқушыларының психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, қорқыныш пен уайымды азайту, өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында мектеп психологы Абдуалиева З.Н 11-сынып оқушыларымен «Мен дайынмын!», «Сенім көпірі», «Армандар бағыты»

Date: 2025-10-21 16:01:01
Мектебімізде 16 қазан күні оқушыларының психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, қорқыныш пен уайымды азайту, өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында мектеп психологы Абдуалиева З.Н 11-сынып оқушыларымен «Мен дайынмын!», «Сенім көпірі», «Армандар бағыты» атты психологиялық тренинг жаттығуларын өткізді.
Жаттығулар барысында оқушылар бойындағы қобалжуды жеңу, емтихан алдындағы сенімділікті нығайту, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру бағытында түрлі тапсырмалар орындады.
«Менің күшті жақтарым» жаттығуында оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, өз-өзіне сенім қалыптастырды. Оқушылар тренинг жаттығуларына қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты
Author: School №8