2025 жылдың 09-қазаны күні «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында «Бауыржан ізбасарлары» атты патриоттық жиыны өтті. Жиында оқушылар 1.Әскери эстафеталық жарыс, 2.Спорттық жарыс және Квест ойындарынан (ағылшын тілі, риторика, Бауыржантану кур

Дата: 2025-10-21 15:58:43
2025 жылдың 09-қазаны күні «Жас Сарбаз» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында «Бауыржан ізбасарлары» атты патриоттық жиыны өтті. 
 Жиында оқушылар 1.Әскери эстафеталық жарыс, 2.Спорттық жарыс және  Квест ойындарынан (ағылшын тілі, риторика, Бауыржантану курстары бойынша) сайысқа түсті. Әскери- спорттық жарыстың І ші кезеңі   әскерилендірілген эстафета көл жағалауында жүргізілді.  ІІ кезең спорттық эстафета, ІІІ кезең    квест ойындарында түрлі қызықты тапсырмаларды орындаумен жалғасты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды 9Ә «Жас Сарбаз» сыныбы, 2-орынды 8В «Жас Сақшы» сыныбы, ал 3-орынды 8Ә «Жас Сарбаз» сыныбы иеленді. Патриоттық жиында оқушыларға  «Аманат» партиясының басшысы Е. Жукенова демеушілік көрсетіп, жеңімпаз командаларға волейбол, баскетбол доптары мен ауыспалы кубок тапсырды. Сонымен қатар, жеңіске жеткен команда мүшелері  қаламыздағы  кинатеатрға   билеттер де үлестірілді.   Жиында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.  
          Бүгінгі шара оқушылардың  патриоттық рухын көтеру, елжандылық қасиетін дәріптеу,    отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды бағыттардың бірі болды.