04.09.2015 жылы мектебіміздің оқушылары А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған "Тілім менің -тірлігімнің тірегі"атты oi-Iike форматында танымдық іс-шараға қатысты Шара барысында кітапханашы кітапханада ұйымдастырылған кі
Дата: 2025-10-06 09:53:17
04.09.2015 жылы мектебіміздің оқушылары А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған "Тілім менің -тірлігімнің тірегі"атты oi-Iike форматында танымдық іс-шараға қатысты
Шара барысында кітапханашы кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі танымдық ақпараттарға шолу жасап,тіл мерекесі туралы мәліметтермен таныстырып өтті.Оқушылар ана тіліміздің байлығы мен құдіреті жайлы ой бөлісіп, қызықты тапсырмалар орындады.Олар өзара "Сөз шеберлері","Ана тілі сақшылары", "Сиқырлы сөз " болып үш топқа бөлініп,мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жалғастырып,жаңылтпаштарды мәнерлеп айтып,викториналық сұрақтарға жауап беріп,,сөзжұмбақтар шешіп, өз білімдерін көрсете білді.
Оқушылар осы іс-шараға өте қызығушылықпен қатысты.