Размер шрифта:

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘБІРЛЕУ (БУЛЛИНГ) БЕЛГІЛЕРІНЕ ДЕРЕУ ДЕН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Дата: 2025-10-06 09:48:27

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘБІРЛЕУ (БУЛЛИНГ) БЕЛГІЛЕРІНЕ ДЕРЕУ ДЕН ҚОЮАЛГОРИТМІ

Егер сіз жанжалдың, жәбірлеудің (буллингтің) куәгері болсаңыз, онда мына әрекеттерді жасаңыз:

  1. Жағдайды қатысушылар және сіз үшін қауіп тұрғысынан бағалаңыз.
  2. Жағдайға кері байланыс беріңіз: ескерту жасаңыз, қатысушыларды тоқтатыңыз.
  3. Егер жанжалды тоқтату мүмкін болмаса және қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе, кез-келген адамды көмекке жіберіңіз.

 4. Оқиға туралы Буллингке қарсы топ мүшелеріне, мектеп әкімшілігіне немесе кезекші әкімшіге хабарлаңыз

  1. Қажет болған жағдайда жанжалға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаңыз.
  2. Қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін мектептің медицина қызметкерлерін шақырыңыз.

6. Әрі қарай оқиғаға куәгер ретінде ат салысыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

БУЛЛИНГКЕ ҰШЫРАҒАН ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Осы ережелер үш топтамадан тұрады:

  • Егер сіз жәбірлеудің/буллингтіңкуәгеріболсаңыз
  • Егер сіз жәбірлеудің/буллингтіңқұрбаны болсаңыз
  • Егер сіз жәбірлеу/буллингжағдайында агрессор болсаңыз.

 

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ КУӘГЕРІ БОЛСАҢЫЗ

  1. Мәселенің бар екенін мойында.Егер сенбіреудің үнемі ренжігенін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледідеп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуді бастау маңызды.
  2. Өзің сенетін ересек адамға оқиға туралы баянда:ата-анаңа, сынып жетекшіңе, мұғалімдеріңнің біріне немесе мектеп психологіне жүгін. Егер сеноларға жүгінуге қысылсаң, онда сеноқиға туралыхат жазып, хатты сенім жәшігіне сал.
  3. Егер сенбіреудің ренжіткенін көрсең, кедергі болуға тырыс.Жәбірлеу/буллинг жағдайында сенөзіңе қауіп төндірмеуің керек, бірақ егер сен жәбірлеу/буллинг жағдайына куә болсаң, онда дереу кедергі жасап, оқиғаны тоқтату маңызды. Егер сенмұны өзің жасай алмайтыныңды білсеңнемесе сезсең – айналаңдағы ересектердің көмегіне жүгінуің керек.
  4. Агрессорғажәбірлеудің/буллингтіңжаманәрекетекенін және сеноны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірлеу/буллинг – бұл басқа адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатында адам құқықтарының бұзылуы екендігін ескерту жеткілікті.  Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
  5. Буллинг құрбанынақолдаукөрсет.Сыныпта болып жатқан жәбірлеу/буллинг оқиғаларына қарсы екеніңді көрсет әрі қолдамайтыныңды түсіндір.
  6. Басқаларға үлгі бол.Қазір сенің сыныбыңдамәселелер болуы мүмкін. Мысалы, балалар бір-бірімендос болғысы әріараласқысы келеді, бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін білмейді. Біреуекінші бір адамды ренжітіп көңіл көтеруге, өздері ұнатпайтын балаға қарсы бірігуді шығарған. Өзіңнің әрекетіңмен дос болу, қарым-қатынасқа  түсу, жай ғана білім алу күн сайын агрессия мен жағымсыз эмоцияларға ұшырауға қарағанда әлдеқайда жақсы екенін көрсет. Ал оны тек бір-біріңе құрметпен қараған жағдайда ғана көрсете аласың.

 

 

 

 

 

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУДІҢ/БУЛЛИНГТІҢ ҚҰРБАНЫ БОЛСАҢЫЗ

 

1.  Өзіңді жоғалтпа!Басында агрессорға мүлдем көңіл аудармауға тырыс. Бұл әрекет агрессор сенің буллингтің/жәбірлеудің құрбаны болуға бейім екеніңді тексеру кезінде іске асады. Егер агрессор әрекет жасап, саған фзикалық тұрғыда күш қолданса бұл әдіс іске аспайды.

2. Мүмкін болса, агрессордан аулақ жүруге тырыс.Агрессор әдетте саған шабуыл жасайтын, адамдар аз жүретін орындармен жүрмеуге тырыс. Ересек адамдарға, әсіресе ересектер мен мұғалімдерге жақын бол. Ересек адамдардың болуы агрессорды тоқтата алады. Егер жәбірлеу/буллинг мектепке барар жолда болса, онда мектепке баратын және үйіңе қайтатын кезде басқа жолды таңда.

3. Өзіңе ұнамайтын нәрсе туралы айт! Агрессорға «Тоқта», «Доғар» деген нақты сөздерді қолданып, оның әрекетінің саған ұнамайтынын жеткіз.

4. Екінші бір адамға сені жәбірлеп жатқаны туралы ескерт, дабыл қақ. Бұл туралы өзің сенім білдіретін мұғаліміңе, ата-анаңа, мектеп директорына немесе Буллингке қарсы топ мүшесіне ескерт.

5. Сенім білдір:Есіңде сақта, буллинг – сенің кінәң емес. Көмек пен қолдауға жүгінуден қорықпа.

 

 

 

ЕГЕР СІЗ ЖӘБІРЛЕУ/БУЛЛИНГ ЖАҒДАЙЫНДА АГРЕССОР БОЛСАҢЫЗ

 

  1. Тоқта және ойлан:өз әрекеттерің мен басқаларға тигізетін зардабың туралы түйсінуге тырыс.
  2. Көмек сұра:жағдайды түсіну үшін мұғаліммен, ата-анаңмен немесе сенетін ересек адаммен сөйлес.
  3. Кешірім сұра және түзел:егер сен біреуді ренжіткен болсаң, кешірім сұра және мінез-құлқыңды жақсы жаққа өзгертуге тырыс.
  4. Өз эмоцияларыңды тануды және басқаруды үйрен:осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін эмоцияларыңды және мінез-құлқыңды қалай басқаруға болатындығы туралы білуге тырыс.
  5. Шешім қабылда:осы секілді оқиғаны болдырмас үшін, өзіңді қоршаған ортаға позитивті өзгерістерді енгізуге тырыс.